Барлық бала дәмді тағамды жегенді жақсы көреді, әрі әдемі немесе ерекше болғанын қалайды. Тамақ істеу тек үлкендердің ғана ісі емес екенін көрсететін бағдарламада балалардың асханадағы қабілеттерін ашады. Шебер аспаз балаларға тәтті, дәмді тағамды әзірлеуді үйретеді. Әлем елдерінің асханасымен таныстырады. Студияға келген жас аспаздар өзара жарысып, түрлі ас әзірлейді.