Бұл, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық, ғылыми-танымдық, ағартушылық бағыттағы алғашқы бағдарлама. Жоба жаратылыстану пәндеріне, фундаменталды ғылымға, физика, химия, биология сынды салаларға арналады. Және де осы аталған салаларға оқушылардың қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуға, ғылым мен техникалық мамандықтарға деген сүйіспеншілігін оятуға көмектеседі. Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі белгілі журналист Дархан Әбдікұлы өзінің әр бағдарламасында бір ғылыми теорияны алып, балаларға қарапайым етіп жеткізеді. Ғылымның адамзатқа беретін шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.