Б.д.д. III ғасыр, қақтығысушы патшалықтар дәуірі. Ол заманда қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен үнемі жалуасып жүрген шағын мемлекеттер көп шоғырланған еді. Сондай бір патшалықтардың бірінде қос жетім Синь мен Пяо ұлы қолбасшы атану үшін күн сайын ақ тер көк терге түсіп жаттығуда. Алайда, жігіттің бірі билеушіге қатты ұқсайтын болғандықтан, оны сарайға алып кетеді. Біраздан соң қансыраған Пяо Синнің лашығына келіп, қайтыс болады. Ашуға мінген Синь кек алуға аттанады.