Еліміздің әр өңірінен жиналған 40 тан астам баланың арасынан іріктеліп алынған 8 оқушыбіздің «табиғат мектебінің» қатысушысы атанады. Олар 15 күн бойы табиғат аясына барып, ашық аспан астында дәріс алады. Тамақтарын да өздері дайындап ішеді. Себебі, мұнда балалардың білімі мен тапқырлығына қоса, физикалық тұрғыдағы дайындықтары да сыналады. Туған жердің тарихы жайлы көптеген ақпараттар айтылады. Түрлі тақырыптағы ойындар мен қызықты тапсырмалар беріледі. Ал, сен ше, «Табиғат мектебі» телесаяхатына дайынсың ба? Ендеше, қосыл да, бізбен бірге саяхат жаса.