Жәнел – Алматыдан шыққан мықты аудитор. Есеп-қисапта қате жібермейді. Не істесе де тиянақты, анық, орнымен істейді. Ол сандар сияқты адамдарды, өміріндегі ситуацияларды да бақылауда ұстап үйренген. Тіпті кейде өз эмоциясын да ішіне сақтап, «тәртіпке» салып қояды. Ол бәрін жоспармен істейді. Сырттай қарасаң, Жәнелдің өмірі бақытты сияқты көрінеді: тұрақты жұмысы бар, өз ортасында беделі бар, ал қасында – сенімді, салмақты, болашағы бар болашақ жары – Абылай. Барлығы орны-орнымен, бәрі дұрыс таңдалғандай. Бірақ осы «дұрыстықтың» арасында бір нәзік нәрсе жетіспейді. Ол көзге көрінбейді, бірақ іштей сезіледі. Ол– шынайы, жүректі қозғалтатын тірі сезім.