Балалар «ниндзя тасбақалармен», «мутанттармен» күресе алатын болса, олар өздеріне ұқсамайтын – ерекше балалармен де тіл табыса алары сөзсіз. Теледидар әлеуметті-эмоциялық дағдыларды тиімді түрде тарата алатын құрал болғандықтан – осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғамның кішкентай мүшелерінің ерекше адамдарға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін, оларды шеттетпейтін ізгі орта қалыптастыру үшін осы жобада барлық баланың бірдей бақытты болуына атсалысамыз.