Бағдарлама арнайы жабдықталған зертханалық бөлмеде түсіріледі. Әр шығарылымда жүргізушілер кез-келген үйден табылатын, қолжетімді құрал-жабдықтардың көмегімен айналадағы, жалпы табиғаттағы құбылыстардың сырын ашып, түсіндірді. Мұз қалай пайда болады? Қандай магнит күштірек? Топырақтың құрамында не бар? Ай жерді қалай айналады? Осындай және өзгеде қызықты сұрақтардың жауабын «Тәжірибе алаңынан» біл!